Қарағандыда құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіленді

926

Қарағандыда есірткі саудасын қыздырған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Atameken Business.      

Қарағандыда құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіленді

Күдіктілер заңсыз әрекетін Павлодар мен Ақмола облысында да жүзеге асырып келген. Олар синтетикалық заттарды дайындау үшін  үй сатып алып,  оны зертханаға айналдырыпты. Осылайша, үш өңірден төрт зертхана ашып,  дайын өнімді өзге өңірлерге де сатып отырған. Тінту жүргізу барысында ұсталғандардың "үйінен"  құны 24 миллиард теңге болатын бір жарым миллион доза прекусор тәркіленді.  Және айналымнан өткізуге дайындап қойған да есірткі бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты басқарушы 30 жастағы қарағандылық. Ал сыбайластары Алматы, Ақмола және 21 жастағы Павлодар қалаларының тұрғындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу