Қарағандыда құрбандық шалу үшін арнайы жабдықталған орындар дайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қалада бар-жоғы осындай үш орын бар:
- Резник көшесі, 18 (ЖК "Әбішева А. О".);
- Гоголь көшесі, 2/23 ("Арай kz" ЖШС);
- Сейфуллин көшесі, 53 ("Хасенов" ШҚ).
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбандыққа шалу үшін арнайы сайт іске қосылғанын жариялаған болатын – qurban.muftyat.kz порталдан жануарларды таңдап, Kaspi.kz арқылы төлеуге болады.
Қошқарларды және ешкілерді жеке құрбандық етуге болады. Ірі қара мал мен түйелерді бір жануарға жеті адамға дейін ұжымдық құрбан етуге рұқсат етіледі.
Құрбандық шалғаннан кейін тапсырыс берушілерге рәсімнің барлық ережелер бойынша жүргізілгенін растайтын бейне және фото есеп беріледі.
Құрбандық еті дәстүрлі түрде мұқтаждарға беріледі.