21 қараша күні Қарағандыда Затаевич көшесі бойындағы "Мерей" сауда үйі жанында аумағы 40 шаршы метр болатын бір қабатты құрылыс материалдары қоймасынан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda сайтына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16.57-де басталған. Сағат 18.00 шамасында тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің алдын-ала себебі анықталды. ТЖД ақпаратына сәйкес, электр қондырғыларын (шәйнек) пайдалану кезінде тоқ тұйықталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу