Қарағандыда құрылысқа тиісті заңдылық сақталмаған

382

Жергілікті әкімдікке кінә арқан тұрғындар құрылыстың жүруіне қарсылық білдірді. 

Қарағандыда құрылысқа тиісті заңдылық сақталмаған

Қарағандыда жеке меншік компания белгілі нысан құрылысын бастамас бұрын, маңайдағы ғимаратпен арадағы тиісті арақашықты сақтамаған. Салдарынан көршілес жер үйлердің қоршаулары апатты жағдайда. Енді үйіндінің астында қаламыз ба деп зәрелері ұшқан тұрғындар жергілікті билікке ашулы. Айтуларынша, жобаның мақсатына қарамастан, жер белгілеп берген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жергілікті әкімдікке кінә арқан тұрғындар құрылыстың жүруіне қарсылық білдіріп отыр. Сөздерінше, қаланың іргесіндегі Таугүл шағын ауданында көп пәтерлі таунхауыс салып жатқан кәсіпкер, маңайдағы өзге үйлермен арадағы тиісті арақышықтықты сақтамаған. Қазір ғимараттың іргетасына арнап шұңқыр қазылған. Салдарынан үйлердің қоршауы қирап, гараждар құлауға шақ қалыпты.

Ал, көшілерінен рұқсат алмаған кәсіпкермен тілдесу мүмкін болмады. Алайда, қалалық сәулет және қала құрлысы бөлімі басшысы жеке меншік иесінің бұл әрекеті заңға қайшы дейді. Сондықтан, мемлекеттік мекеме құрылысқа рұқсат бермейміз деп отыр.

Енді бұл мәселені тұрғындар сот арқылы ғана шеше алады. Оған қалалық әкімдік жасаған құжаттар дәлел ретінде беріледі. Сондықтан, наразы жұрт жақын арада жеке кәсіпкердің үсінен арыз-шағымын тастауы тиіс- дейді жергілікті әкімдіктегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу