Қарағандыда лифті құлап, ер адам көз жұмды.

998

Полиция бұл оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

Қарағандыда лифті құлап, ер адам көз жұмды.

Қарағанды қаласындағы жекеменшік клиниканың бірінде оқыс оқиға тіркелді. Жедел саты құлап кетіп ішіндегі екі адам жарақат алған. Мақажанов атындағы ауруханаға 1948 жылғы ер адаммен 1997 жылғы әйел адам жеткізілген. Екеуінде жан сақтау бөліміне жатқызған алайда ота жасалғанына қарамастан ер адамның өміріне араша түсу мүмкін болмаған.

"Қазіргі уақытта әйел адамның денсаулығының ауырлығы орташа деңгейде. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қажетті емдік шараларын толық алып жатыр", – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полицияның мәліметінше бұл оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс тіркелген.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу