Қарағандыда "Майқұдық" құс фабрикасы қайта іске қосылады

1324

Қарағанды облысы өзін әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Өңірде 19 атаудың бесеуі – қарақұмық, күріш, өсімдік майы, тұз, қант өндірмейді. Оған климаттық жағдайлар мүмкіндік бермейді.

Қарағандыда "Майқұдық" құс фабрикасы қайта іске қосылады

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетіні және Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту жоспарлары туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров айтты, деп inbusiness.kz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз аймақты жұмыртқамен қамтамасыз етеміз. Бұл экспортқа бағытталған тауар. Жұмыртқа Қазақстанның басқа аймақтарына, Ауғанстанға, Ресейге жіберіледі. Биыл Майқұдық құс фабрикасының жұмысы қайта басталады. Ол толығымен жаңғыртылып, құс қоралары қоныстандырылды. Жазда олар алғашқы өнімдерді жинаймыз деп уәде етіп отыр. Қуаттылығы жылына 100 млн данадан асады. 200 жұмыс орны құрылады. Облыста барлығы төрт құс фабрикасы жұмыс істейтін болады. Біз сондай-ақ олармен жұмыртқа жеткізу бойынша меморандумдар жасаймыз", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу