Қарағандыда мас тұрғын 17 жастағы автобус жолаушысын соққыға жықты

190

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағандыда мас тұрғын 17 жастағы автобус жолаушысын соққыға жықты Фото: Табылды Кадырбеков

Қарағандыда ішімдік ішкен тұрғын автобус жолаушыларына тиісіп, шу шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, 10 қазанда кешкі уақытта қаладағы автобустарының бірінде 27 жастағы мас адам мен жолаушының арасында жанжал туындаған. Автобус жүргізушісі екеуін де қоғамдық көліктен түсіруге мәжбүр болды.

"Жолаушылардың бірінің өтініші бойынша автобус жүргізушісі оны және шу шығарған тұрғынды түсіріп жіберді. Автобустан шыққан кезде олардың арасында басталған жанжал соңы төбелеске ұласты. Шақырту бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция экипажы оқиғаға қатысушылардың деректерін анықтап, жедел жәрдем шақырды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

17 жастағы жігітті медициналық мекемеге, ал 27 жастағы тұрғынды қалалық бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізген.

Осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 108-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу