Қарағандыда масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейлерге қарсы шыққан

167

Ер адам мас күйінде болып, билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамай қарсылық танытты.

Қарағандыда масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейлерге қарсы шыққан Фото: Polisia.kz

Масаң күйдегі екі ер адам ұстау кезінде полицейлерге қарсылық танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Достық станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жалаңашкөл станциясының аумағын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған Қарағанды облысының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ер адам мас күйінде болып, билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамай қарсылық танытты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған адамнан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сот шешімімен ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 2 тәулікке қамауға алынды.

Дәл осыған ұқсас факті Бейнеу станциясында да анықталды. Бұл жолы Маңғыстау облысының 26 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Оған қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Айта кету керек, бұл азамат бұған дейін бір жыл ішінде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу