Қарағандыда мектеп оқушылары тыйым салынған сайттарға кірген

674

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталды. 

Қарағандыда мектеп оқушылары тыйым салынған сайттарға кірген Фото: freepik

Қарағанды облысының прокурорлары мектептерде келеңсіз интернет сайттарға еркін кіруге тосқауыл қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады.

Оқушылар барлық сайттарға қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы ақпарат ала алады.

Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған.

Балқаш қаласында балалар "ЧВК Редан" мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу