Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады

99

Нұркен Әбдіров атындағы мектептің жанындағы аумақты жарықтандыру үшін баламалы энергия көзі пайдаланылатын болады. 

Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Көше шамдарын зарядтау үшін күн панельдері орнатылады. Бұл оқушылардың NXplorers Жасыл ұрпақ бәйгесі республикалық экологиялық жобалар байқауына қатысуының нәтижесінде мүмкін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Финалдық жарыс Астанада өтті. 20 команданың ішінен жобаны іске асыруға миллион теңге көлемінде грант алған үздік бес команда таңдалды.

Қарағандылықтардың командасы үшінші орынға ие болды. Оған Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ үш оныншы сынып оқушысы: Нұрислам Әбуталипов, Әлиасқар Жұмабеков, Еркебұлан Мылтықбай кірді. Жетекшіс і- география мұғалімі, STEM мектеп жобасының үйлестірушісі Меруерт Ибраева.

– Мектебіміздің тарихы бай, желтоқсан айында 50 жылдығын атап өтуге дайындалып жатырмыз. Біз заманға сай қадам басуға тырысамыз. Бізде әлі STEM кабинеті жоқ, бірақ біз бағытты дамытудамыз. Экологиялық жобалардың республикалық конкурсына біздің оқушылар өткен жылы қатысты, бірақ жүлделі орын алған жоқ. Ал биыл олар грант жеңіп алды, – дейді Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ директоры Гүлшат Баграмова. – Электр энергиясын үнемдеу – өзекті. Жобаны іске асыруға алты ай уақыт беріледі. Менің ойымша, біз мұны ертерек, қыстың соңына дейін жасай аламыз.

NХplorers бағдарламасы – бұл Қазақстанда STEAM білім беруді дамытудың тағы бір қадамы. Конкурсты ұйымдастырушылар: "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және ҚР Білім министрлігі мен "Шелл Қазақстан" энергетикалық компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge корпоративтік қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу