Қарағандыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын фронт-кеңсе ашылды

822

Келіссөз жүргізетін және азаматтарды қабылдауға арналған мөлдір бөлме жабдықталды.

Қарағандыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын фронт-кеңсе ашылды

Қарағанды облысының орталығында OPEN KARAGANDA фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Мұнда мемлекеттік қызметтер бір терезе қағидаты бойынша көрсетіледі. Келіссөз жүргізетін және азаматтарды қабылдауға арналған мөлдір бөлме жабдықталды.

Фронт-кеңседе қала әкімі аппараты кеңсесінің, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік активтер мен сатып алулар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары жұмыс істейді. Азаматтарға бір жерде қажетті кеңестер алуға және құжаттар топтамасын беруге болады.

Сонымен қатар нақты уақыт режимінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалған.

Open space форматындағы залда қала әкімі мен оның орынбасарлары жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді.

Қарағандылықтар сондай-ақ фронт-кеңсеге өз шағымдары мен ұсыныстарымен жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу