Қарағандыда мешіттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

834

34 жастағы азамат мешітке кіріп, намаз уақыты кезінде қарағандылықтың сөмкесінен ақшасы мен құжаттарын алып кеткен. 

Қарағандыда мешіттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағандылық полицейлер мешітке келушінің құжаттарымен ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстады. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен.  Жәбірленуші арызында сол күні мешітке барған уақытта белгісіз біреу, сырт киімінің қалтасынан ішінде 187 мың теңге ақшасы, жеке бас куәлігі және автокөлігінің құжаттары бар әмиянын ұрлап әкеткені туралы көрсеткен.

“Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді іс-шаралар барысында бейнекамералардың бірінен мешітке келген автокөлік анықталды. Көліктен белгісіз жүргізушісі шығып, мешітке кірген. Кейін сол азамат мешіттен асығыс шығып, көлікке отырып кетіп қалған. Азаматтың қылығы полиция қызметкерлеріне күдік тудырды”, - деп хабарлады Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Іздестіру шарасы барысында  34 жастағы тұрғын анықталып ұсталған. Ол ұрлық жасағаны бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу