Қарағандыда митинг өтті

1019

Кеншілер қаласында жиналған жұрт жердің шетелдіктерге жалға берілмеуін талап етті. 

Қарағандыда митинг өтті

Абай ескерткішінің жанына жиналған адам саны отыздан асты, оның ішінде бес адам Демократиялық партия өкілі. Жиналғандардың басым бөлігі журналистермен жағдайды бақылап жүрген мемлекеттік қызметкерлер. Сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар да тоқтап, митингіні ұйымдастырушылардың сөзін тыңдап тұрды.

Қарағандыда өткен митингіге жергілікті әкімдік рұқсат беріпті. Митингте сөз алған ұйымдастырушылар мен қала тұрғындары жердің шетелдіктерге жалға берілмеуін , несие алғандардың қаражатын кешіруді және көпбалалы отбасыларға көмектесу қажеттігі жайында талап тілектерін жеткізді.

"Мен несие алып төлей алмай отырған адамдардың несиелерін кешіру керек екенін айтамын. Мемлекеттік қорда ақша бар ғой, сондықтан несие кешірілсін. Президент жер шетелдіктерге сатылмайды деп айтты, бірақ жалға берілмейді деп айтқан жоқ. Шетелдіктерге жалға жер берілсе, ол да қауіп төндіреді", – деп мәлімдеді митинг ұйымдастырушы Теміртас Нығметоллаев.

Сол жерге келген тұрғынның бірі "мұнда келіп ой пікірлеріңді білдіргендерің дұрыс қой, бірақ елдің алған несиесін кешірсін деген дұрыс емес, ел несие алып той жасайды,  жағдайы келмесе неге несие алады" деп наразылық білдірді. Митингіні ұйымдастырушылар байлардың несиесі емес, жағдайы төмен отбасының несиесі кешірілсін деп жауап қатты.

Мұұндай митинг Алматы,  Нұр - Сұлтан , Семей, Ақтөбе, Шымкент қалаларында өтті.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу