Бүгін сағат 12.08-де Қарағанды қаласында Мұқанов көшесінде орналасқан қоғамдық моншадан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екі қабатты "Қарқаралы" монша кешенінің ғимаратындағы бу бөлмелері өртенген. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақта алып кеткен.
Өрт сағат 12.59-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері келгенге дейін 10 адам моншадан шығарылды.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу