Қарағандыда мүгедектің ақшасы мен ұялы телефонын алған қарақшы ұсталды

450

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарағандыда мүгедектің ақшасы мен ұялы телефонын алған қарақшы ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағандыда мүгедектің ақшасы, құжаттары мен ұялы телефонын тартып әкеткен қарақшы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция басқармасының теміржол полиция бөліміне қаланың 51 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреудің шабуылының құрбаны екенін жеткізді.

Зардап шеккен адам екінші топтағы топтағы мүгедек екені анықталды. Айтуынша, таңертең дүкенге бара жатқан кезде қаскүнем оның қолынан құжаттары бар сөмкені, 200 мың теңге ақшаны және телефонын жұлып алған. 

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 400 мың теңгені құрады. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні – 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 191-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу