Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде фотомектеп ашылды

904

Әлеуметтік жобаға кәсіпкерлердің бірі демеушілік етті.

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде фотомектеп ашылды

Сабақтарды кәсіби шебер жүргізеді. Оқушылардың алғашқы байқауға ұсынған жұмыстары кәсіби мамандарды таңқалдырған, деп жазады inbusiness.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен фото түсіру ісі бойынша дәрістерді беріп келе жатқаныма ұзақ уақыт болды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сабақ беруді ұсынғанда, мен қуана келістім. Тілек білдірушілерді біріктіріп, топ жинадық. Ол 14-16 жас аралығындағы тоғыз ұл мен қыз. Балалардың әр түрлі болғаны өте керемет. Әркімнің өз көзқарасы, қалауы бар. Жарты жылдың ішінде олар теория мен тәжірибеде көп нәрсені түсінді", – деді мұғалім Ирина Майер.

Жазғы демалыстан кейін фотомектеп жалғасады. Мұғалімнің айтуынша, бағдарлама күрделене түседі. Кәсіби фотографтармен бірге қалалық көрмеге қатысу жоспарда бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу