Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтап, ауа ластаған компания анықталды

185

Ірі кәсіпорын 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысып келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтап, ауа ластаған компания анықталды Фото: baq.kz

Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.

"Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Прокуратура дерегінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған. Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды – кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу