Қарағандыда нан экопакетке оралып сатыла бастады

578

Бұл қаптамалар зиянсыз, барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, сондай-ақ кейіннен қайта өңдеуге жарайды.

Қарағандыда нан экопакетке оралып сатыла бастады

Технологияға патент Home info сауда маркасына тиесілі. Home info-ның Қарағандыдағы өкілі "Темірхан" ЖК-нің айтуынша, нан-тоқаш өнімдеріне арналған қағаз пакеттерінің алғашқы партиясы  – 10 мың дана шығарылған, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Алдағы уақытта оларды қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Saryarqa NAN-мен келісімшарт жасау болды. Бүгінде тұтынушылар біздің пакеттерді компания павильондарынан көре алады", – дейді "Темірхан" ЖК өкілі Ринат Қағазғалиев.

Өндірушілердің айтуынша, пакеттерде оларды шығаруға жұмсалатын шығындарды өтейтін жарнама орналастырылатын болады.

Жоба Қазақстанның 20 қаласында табысты жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу