Қарағандыда NOMAD ARENA спорт кешені ашылды

541

Футбол әуесқойлары үшін қыста және жазда жаттығуға арналған тағы бір алаң пайда болды. 

Қарағандыда NOMAD ARENA спорт кешені ашылды Фото: gov.kz

Футбол орталығы жеке инвестициялар есебінен салынған. Кешенге FIFA стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін еуропалық сапалы жасанды жабыны бар екі алаң кіреді, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Душ қабылдайтын орны бар киім ауыстыратын бөлмелер, көрермендерге арналған трибуналар, үлкен автотұрақ бар.

– Біз әлеуметтік жобаларды қолдауға, балалар үйлерінің балалары үшін, сондай-ақ Қарағанды тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар серіктес қалалар үшін де тегін турнирлер ұйымдастыруға дайынбыз, – дейді кешен директоры Даниель Шелбаев. – Жарыстарды өткізу үшін бізде барлық жағдай жасалған. Жыл бойы ойнауға болады. Қазір бізде демалыс күндері балалар командалары арасында турнирлер өтуде.

Футбол орталығының мекен-жайы: 134-ші есеп орамы, 3/5 (триатлон паркі ауданы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу