Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасында заңнама талаптары бұзылған

747

Мемлекеттік мекеме бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасында заңнама талаптары бұзылған Фото: gov.kz

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Олар салыстырып тексеруден өтпеген 14 өлшеу құралын қолданған. Атап айтқанда медициналық ростомерлер, электрондық медициналық таразылар, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараты және балалар, анестезиялық-тыныс алу аппараты, термометр, көрсететін манометрлер, қан қысымын өлшеуге арналған құрал. Барлығы 358 құрал өлшемі тексерілген”, - делінген ақпаратта.

Айта кетсек, жыл басынан бері кәсіпорын осындай бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Содан кейін ұйымда салыстырып тексеруден өтпеген импульстік оксиметр, аудиометриялық модуль, механикалық желдету аппараттары сияқты 12 өлшем бірлігін қолданды.

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілген олқылықтарды жою үшін ұйғарым жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу