Қарағандыда оқ-дәрі шығаратын зауыт салынады

890

Қарағандыда оқ-дәрі шығаратын зауыт салынады

Бұл туралы өндірісті өңірге сапары барысында еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды khabar.kz.

айтуынша, бүгінде кемшіліктер жойылып, жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Дегенмен жерасты суының көтерілуі құрылысқа кедергі келтіріп отыр. Соның салдарынан негізгі цех пен кешеннің іргетасына өзгерістер енгізілмек. Ол үшін қосымша қаржы қажет.

Айта кетейік, оқ-дәрі шығаратын жаңа зауыт "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Кәсіпорын жылына 30 млн дана өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның құны 20 млрд теңгеден асады.

"Зауыт отандық шикізатты пайдалануға бағытталған. Бірақ біз латунды лента шығаратын Қазақстанның технологиялық жабдығын ескермедік. Демек сапа тиісті деңгейде емес. Сондықтан Қазақстан кəсіпорындарындағы технологиялық жабдықтарды жетілдіру мəселесін де шешу қажет", – дейді Бейбіт Атамқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу