Қарағандыда оқушы қызды үйіне алып бармақ болған ер адам ұсталды

832

Сот ер адамды әкімшіліктік құқық бұзу бойынша үш күнге қамаған. 

Қарағандыда оқушы қызды үйіне алып бармақ болған ер адам ұсталды Фото: бейнеден скриншот

Қарағанды қаласында ер адам 15 жастағы мектеп оқушысы мен жедел сатыға  бірге кіріп оған тиісе бастаған. Жасөспірімді жедел сатыдан ер адам шығармай , басқа қабатқа апаратын тетіктерді бірнеше рет басып тұрып алған. Ол оқушы қызға сол подъездегі пәтеріне бірге баруын талап еткен.

Бейне бақылау камерасына ер адамның жасөспірімді құшақтап бетінен сүйгені, жібермей қойғаны түсіп қалған. Оқушы ер адам әрекетін қоймаған соң жеделсатыда бейнекамераның бар екенін ескерткен. Осыдан кейін ол лифтіден шығып кеткен . Жасөспірім болған жайтты анасына жылап айтып барған.

Қыз баланың ата-анасы полиция шақырған. Ер адам сол подъезде тұратын болып шықты. Кейін сот әкімшіліктік құқық бұзу фактісі бойынша оны үш күн қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Ол Қарағандыда тұрып жатқан Жетісайдың тумасы болып шықты. Құзырлы орын бұл оқиғада қылмыстық құқық бұзушылық болмағандықтан әкімшілік жаза тағайындаған.

“Полицияға 35 жастағы қала тұрғыны хабарласып 15 жастағы қыз баласына ер адамның тиіскенін айтып шағымданды. 23 жастағы ер адамның бұзақылық әрекетке барып әкімшіліктік құқық бұзғаны анықталды.  Әрекетінде қылмыстық құрам анықталмады”,- деп мәлімдеді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу