Қарағандыда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасы 15 ақпаннан бастап қолданысқа беріледі

950

Қарағандыда шығарылған ресейлік "Спутник V" вакцинасы 15 ақпанда ғана қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қарағандыда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасы 15 ақпаннан бастап қолданысқа беріледі

Көрші елдегі тексерістен сәтті өткен екпенің 200 мың дозасы енді ішкі бақылаудан өтуде. Ал оған дейін қазқстандықтарға Ресейдің елімізге жіберген 20 мың дозасы егіледі. Оның тек 1,5 мыңы Қарағанды облысына бөлінген. Препаратты Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалалары ғана алады.

Кеншілер өңірінде жаппай вакцинацияға дайындық басталып кеткен. Екпені сақтауға 100 шақты медициналық тоназытқыш пен 120 конейнер сатып алынған, 115 арнайы егу кабинеті де жарақталған. Одан бөлек қарағандылық дәрігерлер ресейлік провизорлармен онлайн түрде тәжірибе алмасып жатса керек. Бүгінде 420 медбике мен 106 терапевт арнайы оқудан өтіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу