Қарағандыда өндіріс ошақтарына жылу электр орталығынан қуат алуға тыйым салынды

1579

Қадағалаушы органның ұсынысы энергетика министрінің бұйрығына сәйкес беріліпті.

Қарағандыда өндіріс ошақтарына жылу электр орталығынан қуат алуға тыйым салынды

Қарағандыда жүзге жуық кәсіпкерге электр қуатынан ажырап қалу қауіпі төніп тұр, деп хабарлайды Atameken Business.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің департаменті өндіріс ошақтарына жылу электр орталығынан қуат алуға тиым салатын шешім шығарған. Қадағалаушы органның ұсынысы энергетика министрінің бұйрығына сәйкес беріліпті. Яғни, енді электр орталығының өз қажеттілігіне керек қуат бөлу желілеріне бөгде тұтынушылардың қосылуына жол берілмейді. Бұл станциялардағы аварияның алдын алу мақсатында қолға алынған шара.

Заңды және жеке тұлғалар аталмыш орталықтың қызметін ұзақ жылдар бойы еш қиындықсыз пайдаланып келген.

"Менің іс әрекетім ойға қонымсыз екендігі түсінікті. Алайда, мен мемлекеттік органнан ұсыныс алғандықтан, сол бойынша жұмыс жасауға міндеттімін. Қазір жылу электр орталығының өз қажеттілігіне керек қуат схемасын анықтап жатырмыз. Осыдан тұтынушыларға тарайтын қуат көлемін бөліп алудың жолдарын ойластырамыз", ­– дейді "Караганда Энергоцентр" ЖШС директоры Андрей Ляпунов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу