Қарағандыда онлайн саудамен айналысқан көпбалалы ана 400-ден аса адамды алдаған

172

Ол өз кінәсін мойындамады.  

Қарағандыда онлайн саудамен айналысқан көпбалалы ана 400-ден аса адамды алдаған Фото: freepik.com

Қарағандыда алаяқтық ісі бойынша айыпты деп танылған әйелге қатысты сот басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдары бойынша айыпталушының Қытай, Түркия және Ресейден тауар жеткізумен байланысты интернет-дүкені болған. Халық арзан баға мен желідегі жарнамаға сеніп қалған. Белгілі болғандай, басында тапсырыстар уақытылы жеткізгенімен, кейін ақысын алдын ала төлеген сатып алушылар тауарларын ала алмаған. 

Қазақстанның әр аймағындағы 447 адам сан соғып қалған. Көпбалалы әйел 2 млрд теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденгені туралы да айтылады.

"Күдікті әйел ұсталғаннан кейін жүкті екенін растайтын медициналық анықтама ұсынған. Осы себепті ол қамаудан босатылып, үйқамаққа ауыстырылған. Дегенмен жәбірленушілер сот тыңдалымында істі қайта тергеуге жіберуді талап етті. Олардың пайымынша, айыпталушы жалғыз әрекет етпей, ұйымдасқан топтың құрамында болуы мүмкін", – делінген материалда.

Әйел өз кінәсін мойындамады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу