Қарағандыда өсірілген қызғалдақтар Астана мен Ақтаудың аруларына тарту етіледі

832

Қарағандыда өсірілген қызғалдақтар Астана мен Ақтаудың аруларына тарту етіледі

Қарағандыда "Green Technology" ЖШС жылыжай кешенінде 8 наурызға арнап 200 мың түп голланд қызғалдағы өсірілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Желтоқсан айында Голландиядан әкелінген қызғалдақтардың баданаларын отырғыздық. Тікелей жеткізіліммен келді. Барлығы – 12 сұрып, соның екеуі жаңа", - деді  жылыжайдың бас агрономы Галина Кизилова.

Гүлдер көздің жауын алады.  Қызыл, сары, жиегі алқызыл ақ түсті, көкшіл, қызғылт – кез келген талғамға сай түс бар.

"Биыл 50 мыңнан аса қызғалдақ Ақтауға жөнелтілсе, 20 мыңы Астанаға жол тартты. Павлодарда да көтерме сатып алушыларымыз бар", – деді Галина Кизилова.

Мұнда өсірілген қызғалдақтардың жартысынан астамы жергілікті нарықта сатылады.

Жылыжай кешені қияр өсіруге маманданған. Ал гүлдер – қосалқы өнім. Қызғалдақтар кесіліп алынған соң, оның орнына қияр отырғызылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу