Қарағандыда өтетін Roboland-2018 фестиваліне 800-ге жуық команда қатысады

720

Қарағандыда өтетін Roboland-2018 фестиваліне 800-ге жуық команда қатысады

Қарағандыда "Жастар" спорт кешенінде 30-31 наурызда "ROBOLAND 2018" IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Жаңа технологияларға қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақстандағы ірі фестиваль дәстүрге айналды, алайда жыл сайын бағдарламасы өзгертіліп отырады.
Бұл жолғы фестивальде номинациялар саны 32-ге дейін ұлғайды.

Жасөспірімдер 3D принтердің көмегімен модельдерді жасау машығын көрсетіп, сайысады, ал мектепке дейінгі балалар - роботтар құрастырады.

Биылғы жылы ROBOLAND фестиваліне 771 команда қатысады, оның ішінде 754 – Қазақстаннан, 13 – Ресейден, 1 – Қырғызстаннан, 3 – Польшадан.  
ROBOLAND фестивалі 2016-жылдан бері халықаралық дәрежеде өткізіле бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу