Нұра өзенінде су деңгейі көтерілді, салдарынан Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округі Сарытөбе кентінен тұрғындар ішінара эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды inform.kz.
Бұдан басқа Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Шет ауданы Қайрақты ауылында үйлерді су басу қаупі туындады, қазір адамдар ішінара көшіріле бастады.
"Халық хабардар етіліп, аула маңы тексерілді. Сарытөбеде 650 адам, 157 аула бар. 15 үйден 65 адам көшірілді. Малдары қауіпсіз жерге жеткізілді. Қайрақты ауылында 98 адам тұрады. 27 аула бар. 11 үйден 33 адам туыстарының үйіне эвакуацияланып, малдары қауіпсіз жерге жеткізілді", – дейді ТЖД баспасөз қызметі мамандары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу