Қарағандыда пакетке салынған нәрестенің денесі табылды

839

Қарағанды қаласының тұрғыны гараж маңынан нәрестенің денесін тауып алды.

Қарағандыда пакетке салынған нәрестенің денесі табылды

9 сәуір күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол  өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын айтқан. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ер баланың мәйіті екені анықталды. Әйел адам баланы туған соң пакетке салып, адам сирек жүретін гараж маңына тастап кеткен. Енді бауыр еті баласын шімірікпестен тастап кеткен көкек ана іздестіріліп жатыр.

"Қазіргі уақытта оқиға орынына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 "Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу