Қарағандыда пара алған шенеуніктер ұсталды (видео)

1339

Жер қатынастары бөлімінің мамандары мен оларға пара алуға көмектескен тұрғын құрықталды.

Қарағандыда пара алған шенеуніктер ұсталды (видео)

Қарағанды қаласының жер қатынастар бөлімінің мамандары 1 млн теңге пара алып жатқан жерінен құрыққа түскен. Шенеуніктерге пара алуға көмектескен әйел адамда ұсталған. Қалалық жер қатынастары бөлімі мамандары қарағандылықтан жер телімін өлшеу  қызметі үшін 1 млн теңге талап еткен. Бастапқыда шенеуніктер  жер телімін өлшеуді  сұраған қала тұрғынына бұл қызметті көрсетуден бас тартқан. 

"Басында ер адамның өтінішін жер қатынастар бөлімі мамандары орындамаған. Кейін екінші рет барғанда екі арада делдал болғысы келген әйел адам 1 млн теңгеге бұл жағдайды шешіп бере алатынын айтқан. Бүгінде осы іске қатысы бар қызметкерлер ұсталды,қаражат тәркіленді",– деп хабарлайды Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл  департаменті .

Қазіргі уақытта шенеуніктердің үстінен ҚК 366 бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал жер қатынастары бөлімі мамандарының қалтасын қалыңдатуға көмектескен әйел адамға қатысты ҚК 28- 367 бабы бойынша іс қозғалды. Департамент мамандары мемлекеттік қызмет алу барысында тұрғындарды  делдал болғысы келетін адамдардың кеңесіне алданбауға шақырады.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу