Қарағандыда пәтер тонағандар Астанада қолға түсті

96

Күдіктілер ақпанның басында Қарағанды қаласындағы жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, бағалы заттарды ұрлаған.  

Қарағандыда пәтер тонағандар Астанада қолға түсті Фото: polisia.kz

Соның ішінде 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты және 200 АҚШ долларын жымқырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, елордада арнайы операция жүргізіп, Қарағанды қаласының аумағында жасалған бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 6 ақпанда Астана қаласындағы Москва көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам ұсталды. Сол күні Төле би көшесінде оның сыбайласы болуы мүмкін тағы бір күдікті – 46 жастағы ер адам да ұсталды.

Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгені құрайтын қаражат, түрлі телефондар, сондай-ақ бүктелмелі пышақтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ұсталғандардың Қарағанды қаласы аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу