Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

148

Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Фото: polisia.kz

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше пәтер ұрлығымен айналысқан ұрылар тобын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Арнайы операция барысында 23 пен 36 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес күдіктілер өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында пәтерлерге терезе торларын бұзып, пластикалық терезелерді күштеп ашу арқылы кіріп, бағалы заттар мен ақша ұрлаған", – делінген хабарламада.

Оқиғалардың бірі 11 қарашада болған. Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреулер Жамбыл көшесіндегі үйіндегі пәтеріне кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 11 алтын бұйымды ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Келтірілген шығын көлемі – 1 500 000 теңге.

Осыған ұқсас қылмыс Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғынның Абай көшесіндегі пәтерінде де тіркелді. Қаскөйлер зергерлік бұйымдар мен 7 000 000 теңге көлеміндегі (5 000 АҚШ доллары және 3 000 000 теңге) ақшаны қолды қылған.

Тергеу барысында күдіктілердің Қарағанды мен Теміртаудағы жеті пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады. Үш күдікті қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу