Қарағандыда пойызда босанған әйел нәрестесін дәретханаға ағызып жіберген

691

Қарағанды көлік прокуратурасы "Қарағанды-Сұрыптау-Сарыбел" аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда пойызда босанған әйел нәрестесін дәретханаға ағызып жіберген Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

2025 жылдың 20 сәуірінде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған.

Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржол рельстеріне құлап, жарақат алған.

– Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес болған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу