Қарағандыда полиция қызметкері қаза болды

409

Қайғылы жайт 14 наурыз күні Қарағандыдағы оқу-жаттығу алаңында болған.

Қарағандыда полиция қызметкері қаза болды Фото: sadenov_online/instagram.

Тәртіп сақшысына жазатайым оқ тиген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзірге оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат жоқ. Алайда, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің ресми парақшасында марқұмның туғандарына көңіл айтып, хабарлама жариялады.

– Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы, оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан, Полиция департаменті Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Әлиев Алдан Жұмажанұлының жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу