Қарағандыда полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

619

Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Киров ПБ бастығының орынбасары 170 мыі теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

Қарағандыда полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

3 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу