Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылды

584

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылды Фото: inbusiness.kz

Қарағандыда полицияның бір тірек пунктінде әйел адамның мәйіті анықталды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ қызметтік тергеу тағайындалды", – делінген ведомство хабарламасында.

Облыстық полиция басшылығы істің тергелуі департамент бастығының жеке бақылауында екенін атап өтті.

"Барлық іс-әрекет мұқият тексеріліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады", – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Неғмет Исмағұлов.

Сонымен бірге департамент өкілдері азаматтарды расталмаған ақпарат таратпауға шақырып, мұндай әрекеттер тергеу барысына кедергі келтіретінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу