Қарағандыда ресейлік азаматтан 2 мыңға жуық SIM-карта тәркіленді

121

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қарағандыда ресейлік азаматтан 2 мыңға жуық SIM-карта тәркіленді Фото: kursiv.kz

Қарағандыда Ресей Федерациясының 20 жастағы азаматы заңсыз sim-box құрылғысын пайдаланғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Киберқылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде, күдікті жалдамалы пәтерде ұсталып, sim-box құрылғысы, 1 857 дана SIM-карта, 2 Wi-Fi роутер және сигнал күшейткіш құрылғы тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

IT-мамандардың қатысуымен жүргізілген сараптама барысында аталған SIM-карталар арқылы Қазақстан аумағында, сондай-ақ, Ресей мен Еуропа елдерінде телефон қоңыраулары жасалғаны анықталды.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің "Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе абоненттік карта дубликатын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді заңсыз құру, пайдалану, тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап бойынша күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу