Қарағандыда сапасыз жолдарын мердігерлер өз есебінен жөндейтін болды

891

Қалалық әкімдіктің мамандары өткізген тексерулердің қорытындысы бойынша 1500 шаршы метр жол жабыны қайта жөнделуге тиіс.

Қарағандыда сапасыз жолдарын мердігерлер өз есебінен жөндейтін болды

Қарағандыда мердігерлер өз есебінен 1500 шаршы метр жолдарды жөндейді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Осы көктемде мердігерлерге өз қаражаттарына 1500 шаршы метр жолдарды жөндеуге тура келеді. Себебі олар төсеген асфальт кепілді мерзімі аяқталмай жатып жарамсыз болып қалды.

Қазіргі таңда Қарағандыда 152 жол кепілді мерзімде. Ол дегеніміз 2 млн 450 шаршы метр асфальт. Қалалық әкімдіктің мамандары өткізген тексерулердің қорытындысы бойынша 1500 шаршы метр жол жабыны қайта жөнделуге тиіс – ол жалпы көлемнің 0.06 пайызын құрайды.

"Барлық осы учаскелер бойынша мердігерлерге ұйғарым берілді. Олар ауа-райы жақсарған бетте ақауларды өз есебінен жоюлары тиіс. Кепілдік мерзімі - үш жыл. Егер жөндеу жұмыстары нашар өткізілсе, кейін қайта қалпына келтірілетін болады", – деп түсіндірді Қарағанды әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов.

Мердігерлердің өздері жол төсемінің тез бұзылуының себептері – сапасыз битум, қатал климат, еріген су және қозғалыс қарқындылығының жоғары екенін айтады.

Биылғы жылы Қарағанды қаласында 16 қалалық және 18 орамаралық жолдар күрделі жөндеуден өтеді, оның 12-і Октябрь ауданында және 6-ы Қазыбек би атындағы ауданда орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу