Қарағандыда сауда үйінен 40 жастағы ер адам өлі табылды

473

Марқұмның денесі ғимарат ішінен табылған.

Қарағандыда сауда үйінен 40 жастағы ер адам өлі табылды Фото: todayinfo.kz

Қайғылы оқиға 16 қарашада болған. Марқұмның денесін алғаш болып күзетші байқаған деген болжам бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесі ғимарат ішіндегі бөлмелердің бірінен анықталған.

Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаның 16 қарашада болғанын растады. Марқұмның 40 жаста болғаны белгілі.

 – Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу