Қарағандыдағы орталық саябақта аттракцион істен шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлары басқармасының мәліметінше, орталық саябақтағы “Тікұшақ” балалар аттракционының бірінде екі адам – әйел мен бала отырған кабина құлаған.
Оларды дәрігерлер тексеріп, үйлеріне жіберілді. Бұл аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Аттракцион биыл маусым (мамыр айында) басталғанға дейін техникалық сараптамадан өткен. Иесінде пайдалануға қажетті барлық құжаттар бар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу