Қарағандыда Серік Сәпиев жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

245

Жарысқа алты елден 200-ден астам жас боксшы қатысады.

Қарағандыда Серік Сәпиев жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді Фото: ru.sputnik.kz

Қарағандыда 19–24 қазан аралығында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған XIV халықаралық бокс турнирі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан және Ресейден 200-ден астам жас боксшы қатысады. 2011–2012 жылдары туған ұлдар мен қыздар 14 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Турнир Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 11/3.

19 қазанда алдын ала жекпе-жектер басталады. Ал жарыстың салтанатты ашылу рәсімі сағат 15:00-ге жоспарланған.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жас спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу