Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертте 235 бала ата-анасынан адасқан

186

Полиция қызметкерлері ата-анасынан адасып қалған 235 баланы отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертте 235 бала ата-анасынан адасқан Фото: Polisia.kz

Кеше Қарағандыда Шахтерлер күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті. 

Орталық алаңға 120 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары жиналып, мерекелік концертке куә болды.

– Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000-нан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Мерекеде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен, халық көп шоғырланған орында балалардың адасып қалу жағдайлары тіркелді. Барлығы 235 бала уақытша ата-анасынан ажырап қалған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды, – делінген хабарламада.

Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерттің жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар жайлы жедел хабар таратып отырды.

Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы автобус бөлініп, онда бүлдіршіндер ата-анасы келгенге дейін бақылауда болды. Бұл оқиға полиция қызметінің басты қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мен жәрдемдесуге әрқашан дайын екендігінің айқын көрінісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу