Қарағандыда ЖБИ ауданындағы далалы алқапқа отыз шақты қапқа салынған шіріген сәбіздер тасталған. Бастапқыда тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбасын салып медициналық қалдықтар болуы мүмкін деп топшылаған.
Экология Департаменті мен табиғатты қорғау полициясы қоқыс тасталған жерге барып тексерген. Мұнда медициналық қалдықтар емес қапқа салынған сәбіз тасталғаны анықталды.
Экология Департаменті Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігіне қоқысты сол жерден алып тастау үшін хат жолдаған. Қазіргі уақытта рұқсатсыз қоқыс алаңын жасаған тұрғындарды полиция іздеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу