Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды

540

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындаған күдікті екі азаматты ұстады.Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. 

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған. Ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін жүзеге асырып, сатуына жол

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша бермеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу