Қарағандыда Smart City технологиясы енгізіле бастады

1378

Қарағандыда Smart City технологиясы енгізіле бастады

Қарағандыда Smart City технологиясы енгізіле бастады. Оның арқасында алдағы жылдары қала тұрғынының әрқайсысында электронды денсаулық паспорты, ал мектеп оқушыларында электронды күнделіктер болады деп жоспарланып отыр. Автобустағы төлемақыны жолаушылар қолма қол ақшасыз өтей алады, ал қоғамдық тәртіпті камералар мен бағдарламалар қадағалайды, электр және жылу қуатын бақылап, коммуналдық төлемдерді компьютерлер есептейтін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Сандық жүйеге ауысудың кей элементтері қазірдің өзінде облыста енгізіліп жатыр. Мысалы, осы жылдың соңына дейін облыстың денсаулық сақтау саласы толығымен электронды форматқа ауысады, тұрғындарда электронды денсаулық паспорты болады. Қазіргі уақыттың өзінде онлайн режимде дәрігер шақыртып, сараптама нәтижелерін алып, жоспарлы дәрігер қарауына шақырту алуға жағдай жасалған. Сонымен қатар Қарағанды облысының білім саласында да "Білім ал" электронды күнделіктер жүйесі сәтті қызмет етуде, ол ата-аналарға балаларының бағаларын көруге мүмкіндік береді. 
"Бұл жобаны іске асыруға біз бизнес-құрылымдарды жұмылдыруды көздеп отырмызБюджет, жалғыз ғана қаржыландыру көзі ретінде, Smart City концепциялы жобаларға осындай ұзақ мерзімді инвестицияларды өзі жалғыз көтере алмайды. Сондықтан, бізге ұзақмерзімді қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін МЖС бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджет үшін 10 жыл алға техникалық шешімдерді құру мүмкін емес болғандықтан өте қажет. Бірақ нарықта 7-10 жылға дейін ұзақмерзімді инвестициялар жасауға қауқарлы ірі компаниялар бар. Осылайша, біз аймақтық бюджетке зиян келтірместен Smart City концепциясының жобаларын жүзеге асыра алатын боламыз", - дейді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

 Айта кету керек, бұл концепцияға сонымен қатар "Әлеуметтік карталар" да енеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу