Қарағандыда снюс фурасы мен темекі контейнері жойылды

357

Темекі акцизді таңбасыз болған. Сонымен қатар, облыс тұрғыны оларды жеке кәсіпкерлікті ашпай-ақ саудалағаны анықталды. 

Қарағандыда снюс фурасы мен темекі контейнері жойылды Фото: Retail.ru

Қойма үй-жайын тінту барысында 40 мың бума мөлшерінде "FAST" атауы бар темекі  өнімі табылды және тәркіленді. Маманның қорытындысы бойынша тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 19 млн теңгені құрады.

Контрабандалық темекіге толы металл контейнерді Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері кезекті рейд барысында анықтады. Нәтижесінде барлық темекі мамандандырылған полигондағы ұсақтағышқа жіберілді. Сол жерде "Қазамета" сауда үйінің аумағынан табылған снюстердің үлкен партиясы жойылды. Онда шегілмейтін никотині бар өнімдерге толы жүк көлігі табылды. Жарты тоннадан астам снюс 80 мыңға жуық пакетке оралған.

 "Снюс - шегілмейтін және никотинсіз бұйымдарды өндіру, өткізу және тарату, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, заттың осы түрін  әкелуге, өндіруге, өткізуге және таратуға тыйым салынады", - деді Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Зарина Құсманова.

Сот екі жүк партиясының иелерін кінәлі деп тауып, әрқайсысын пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеді. Олар қаладан шыға алмайды, ойын-сауық орындарына бара алмайды, түнде үйден шыға алмайды, алкоголь ішуге болмайды. Сондай-ақ, пробация қызметіне барып тұруы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу