Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті

6352

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. 

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті Фото: ашық дереккөз

Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген.

Айта кетейік, оқиға қаңтар айының аяғында болды. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты.

Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген. Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған.

"Бейнежазбада Нұрболатты кешірем дегені оның жеке шаруасы, ол адам ретінде рухани тұрғыда кешірдім дегені. Ал денсаулығына келген залалды өтеу — бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған”, – дейді адвокат Бағдат Хасенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу