Қарағандыда сотталған азамат медициналық мекемеден қашып кетті

342

Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған

Қарағандыда сотталған азамат медициналық мекемеден қашып кетті Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен шілде айының 18-не қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекен жайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Ол 35 жастағы  Батыс-Қазақстан облысының тумасы, қылмыскер ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді.

Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.

Қала тұрғындарынан сыйпатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу