Қарағандыда "Спутник Лайт" вакцинасы шығарыла бастайды

1076

Қарағанды фармацевтикалық кешені жақын арада Ресейден келетін субстанциядан "Спутник Лайт" вакцинасын шығармақ. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлімдеді.

Қарағандыда "Спутник Лайт" вакцинасы шығарыла бастайды

"Рұқсат алу құжаттары шешілді, өндірістік процесс жүріп жатыр. Жақын арада "Спутник Лайт" Қарағанды фармкомплексінде шығарылады деп үміттенеміз. Әзір мәселе жоқ", – деді Байсеркин жұмада өткен брифингте.

Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстанға "Спутник V" вакцинасын жеткізуді және өндіруді 2021 жылдың ақпан айында бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу