Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

584

Пирамиданы ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Дереккөздің хабарлауынша, ұсталған азамат адамдарға салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, ақша жинаған. Салым көлемі 150 000 теңгеден басталып 10 000 000 теңгеге дейін.

"Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу